23 января 2024


РУБИК ТЕКШЕСІН ҚҰРАСТЫРУ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да рубик текшесін құрастыру бойынша екі күндік халықаралық чемпионат мәресіне жетті. Ресейден, Моңғолиядан және елдің бірнеше аймағынан 20-дан астам қатысушы қатысты. Зияткерлік сайыс қызыққа толы болды. Чемпионатта Бүкіләлемдік кубик қауымдастығының барлық талаптары сақталды.

Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған қатысушылар 10 сын бойынша нәтиже көрсетті. Атап айтқанда 3×3, 2×2, 4×4, 5×5, Мегаминкс, куб, Square-1, Пирамида, көрмей 3×3 жинау, 3×3 бір қолмен жинау.


-Қазақстан бойынша тоғыздан астам жарыс өткіздік.Бүгінгі чемпионатты да жоғары деңгейде өткізуге тырысып жатырмыз,-дейді чемпионат ұйымдастырушысы Мансұр Серіков.


Айта өту керек, чемпионатта Рубик — Лхагва-Оргил Ожаргал кубын құрастыруда моңғолиялық рекордшы да қатысты.


-Бұрын-соңды бұл қалада болып көрмегендіктен,мұндағы табиғаттың әсемдігі,тіпті осы университеттегі атмосфера мені баурап алды.Чемпионат жоғары деңгейде өтті.Барымды салдым,-дейді моңғолиялық рекордшы Сергелбат Нимдорж.


Сегіз сын бойынша да рубик текшесін құрастыру бойынша ең үздік болған бірнеше дүркін чемпион — ресейлік Андрей Че. Square-1 және 3×3 көрмей жинауда жүлделі орындарға ие болған қазақстандықтар да жақсы нәтиже көрсетті.