24 Қаңтар 2024


АЛДА ҰБТ. ТҮЛЕКТЕРДІҢ ДАЙЫНДЫҒЫ БАСТАЛДЫ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да «Бейінді педагогикалық сыныптар» кәсіптік бағдарлау жобасы басталды. Жоба 11-сынып түлектерін ұлттық бірыңғай тестілеуге тереңдетіп дайындауды көздейді.
Бейіндік сыныптарда химия-биология, биология-география, математика-физика, география-дүниежүзілік тарих, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі-дүниежүзілік тарих бағыттары бойынша дайындық жүргізіледі.
Тегін курстарды ЖОО оқытушылары қаңтардан мамырға дейін өткізеді.
Сондай-ақ, студенттердІң қабылдау бойынша жеке,психологиялық кеңес алуға, университеттің зертханалары мен ғылыми-зерттеу орталықтарына бару мүмкіндігі бар.