24 января 2024


ЖОО ОҚЫТУШЫЛАРЫ ЫСТАМБҰЛДА

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының оқытушылары Қарлығаш Барбосынова мен Жазира Қайырбаева Ыстамбұл университетіне барды. ШҚУ өкілдері беделді түрік университетінің ғылыми-зерттеу орталықтарымен ынтымақтастыққа бағытталған жұмыстар жүргізді.


— Біз сондай-ақ Анкарадағы Bayram Veli University, Hacettepe University, Gazi University мемлекеттік жоғары оқу орындарында болдық. Филология және журналистика саласындағы ғалымдармен, әдіскер-оқытушылармен кездестік. Білім беру бағдарламаларын дамыту бойынша семинарларға қатыстық. Осындай бірегей мүмкіндік үшін ШҚУ басшылығына алғысымды білдіремін, — дейді кафедра меңгерушісі Қарлығаш Барбосынова.