1 февраля 2024


Тулуза университеті студенттерді беделді оқу курстарына шақырады

2024-2025 оқу жылында Тулуза университеті Қазақстаннан келген студенттерді биология, нанотехнология, қолданбалы математика және экологиялық ғылымдар бойынша беделді оқу курстарына шақырады.
Студенттер магистр немесе ғылым кандидаты дәрежесіне өтініш бере алады.
Бұл курстарда оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі.
Осы курстарға қабылданған талапкерлерге стипендия беріледі. Бұл курстарды Тулуза III — Пол Сабатье университетіндегі CARe, MINT, NanoX және TESS университеттік зерттеу мектептері (EAR), сондай – ақ,Тулузадағы ұлттық қолданбалы ғылымдар институты-INSA жанындағы EUR BIOECO ұсынады.
Қосымша ақпаратты (өтінімдерді беру шарттары мен тәртібі) қоса берілген құжаттардан табуға болады.

BioTechEco

CARe

MINT

NanoX

TESS