2 февраля 2024
ШҚО-НЫҢ 30 МЕКТЕБІНІҢ ПЕДАГОГТАРЫ С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШҚУ РЕКТОРЫ КУБОГІ БІРІНШІЛІГІНДЕ БАҚ СЫНАЙДЫ
AMANZHOLOV UNIVERSITY-де Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті ректорының кубогі үшін облыс мектептерінің мұғалімдері арасында өтетін волейбол турнирінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Жарысқа қала мен аудандардың 28 мектебінің ойыншылары қатысады. Атап айтқанда Глубокое, Катонқарағай және Ұлан аудандары командалары, сондай-ақ химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің, дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінің және басқа да мектептердің командалары бар.
ЖОО ректоры Мұхтар Төлеген атап өткендей, барлығы тығыз жұмыс кестесіне қарамастан, ауқымды спорттық шараға қатысуға уақыт тапқан.
– Сіздерді университетімізде көргеніме қуаныштымын, – деді ЖОО басшысы қонақтарға. – Турнирге келіп, қатысуға ниет білдірген мектептерге алғыс айтамын. Сондай-ақ, университет ұжымы қала мектептерінің 11-сынып оқушылары үшін ұйымдастырған волейбол турнирінде жеңіске жеткен жеңімпаздарды құттықтаймын. Бұл 200 000 теңгелік сертификаттың иегерлері мен жарыс жеңімпазы №46 мектеп оқушылары және 100 000 теңге сертификат пен үшінші орын иегерлері №20 мектеп шәкірттері.
Спортшылар мен жанкүйерлерге арнап Директорлар кеңесінің төрағасы Әмірхан Рахымжанов құттықтау да сөз сөйледі.
Өз сөзінде баршаға сәттілік айтып, жеңісті күндердің мол болуын тіледі.
Мұхтар Әділбекұлы сондай-ақ аталған турнирге қатысушылардың ортақ тұстары көп екенін атап өтті. Ол білім беру, ғылым және жастарды тәрбиелеу саласындағы бірлескен жұмыс қана емес, одан бөлек бір ортақ мақсат бар, ол — салауатты ұрпақты қалыптастыру.
– Бүгінгі спорттық турнир біздің ортақ спорттық дәстүрімізге айналады деп сенемін. Әр спортшыға сәттілік тілеймін. Сіздердің кеткен күш-жігерлеріңіз жанкүйерлердің қолдауы, қуанышы болып оралсын. Ең мықты жеңсін!, – деді университет ректоры.
Турнирдің ашылу салтанаты аяқталғаннан кейін алдын-ала ойындар басталды. Бұл ойындар университетте де, облыс орталығы мектептерінің спорт залдарында да өте береді.