5 февраля 2024


ӨНДІРІСТІК ІС-ТӘЖІРИБЕ:ХИМИЯ КАФЕДРАСЫ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың химия кафедрасының студенттері өндірістік іс-тәжірибені Өскемендегі Шоқан Уәлиханов атындағы № 3 мектеп-лицейде өтіп жатыр.


Студенттер іс-тәжірибеде теориялық білімдерін практикалық түрде көрсетіп,ашық сабақтар өткізуде.Мәселен, 4-курс студенті Назерке Жұмағазы «Күкірт қышқылы және оның тұздары» тақырыбында жоғары деңгейде ашық сабақ өткізіп,практиканың қалай өтіп жатқаны жайлы айта өтті.


-Іс-тәжірибе басталғалы екі аптадан асты.Іс-тәжірибеден өту арқылы ұжыммен жұмыс істеу,оқушылармен қарым-қатынас сынды дағдыларды меңгердім.Бұл тәжірибенің маңызы зор.Университет және мектеп ұжымына алғысымды білдіремін,-дейді химия мамандығының 4-курс студенті Назерке Жұмағазы.


Мектеп ұстаздарының айтуынша,студенттердің талабы зор.


-Біздің мектепке университеттен тәжірибеге сегіз студент келді.Студенттер зерделі,ізденістері мол,-дейді Шоқан Уәлиханов атындағы № 3 мектеп-лицейдің химия пәнінің мұғалімі,педагог-зерттеуші Айжан Нургендирова.


-Бірнеше жылдан бері біздің студенттер осы мектепте тәжірибеден өтіп жатыр.Себебі,мектеп базасы үлкен.Әрі іс-тәжірибеден өтуге барша мүмкіндіктер қарастырылған,-дейді химия кафедрасының қауымдастырылған профессоры,п.ғ.к Зухра Даутова.


Айта кету керек,университетпен бұл мектептің байланысы ерекше.Университет студенттері бірнеше мамандық бойынша іс-тәжірибеден өтіп отырады.Жалпы,дәл осындай іс-тәжірибелердің болашақ маман үшін маңызы зор.