6 февраля 2024


НЕЛЬСОН МАНДЕЛАНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ ІС ЖҮЗІНДЕ

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №17 мекемесінде ЖОО профессоры, заң ғылымдарының докторы Қуат Рахымбердин семинар өткізді. Семинар мекеме қызметкерлерін Нельсон Манделаның жазасын өтеушілермен жұмыс істеудің минималды стандартты ережелерін үйретуді мақсат етті.

Оқыту барысында жазасын өтеушілерге адами қарым-қатынас, азаптаудың алдын алу, тұтқындардың денсаулығын қамтамасыз ету және дұрыс оңалту үшін жағдай жасау туралы айтылды.

Семинарға қатысушылар халықаралық стандарттарға сәйкес сотты болғандармен тиімді қарым-қатынас жасау үшін қажетті практикалық машықтар мен дағдыларды меңгерді.

Мұндай оқулар Қазақстанның пенитенциарлық жүйесінде адамгершілік көзқарасты дамытуға және адам құқықтарының әлемдік стандарттарына сәйкес жазасын өтеушілермен лайықты қарым-қатынас жасау үшін жағдай жасауға ықпал етеді.

Шара соңында ШҚУ профессоры Қуат Рахымбердин мекеме кітапханасына Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару қызметі мен еңбек заңнамасының өзекті мәселелеріне қатысты өзінің ғылыми зерттеулерін тарту етті.