8 февраля 2024


С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШҚУ-ДЫҢ МАНСАП ОРТАЛЫҒЫ МЕН ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ МАНСАП ОРТАЛЫҒЫ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Соңғы жылдары жастар кәсіби дамуға және перспективалы жұмысқа орналасуға қызығушылық танытуда. Осы тенденцияны ескере отырып, ШҚУ-дағы «Professional Upgrading” Мансап орталығымен Өскемен қаласының Мансап орталығы «Жастар іс-тәжірибесі” және «Ұрпақтар келісімшарты»сияқты жастарды қолдау бағдарламаларына қатысты негізгі мәселелерді талқылайтын кеңес өткізді.

Кездесу екі орталықтың қызметкерлері үшін осы бағдарламаларды іске асырудың тиімділігін арттыру бойынша тәжірибе және идеялармен алмасудың бірегей мүмкіндігін ұсынды.

Талқылаудың басты мәселелерінің бірі түлектерге әртүрлі қызмет салаларында бастапқы жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндік беретін «Жастар іс-тәжірибесі” бағдарламасы болды.

Сонымен қатар, жастарды қолдауға бағытталған «Ұрпақтар келісімшарты» бағдарламасына назар аударылды. Қатысушылар орталықтардың ресурстары мен тәжірибесін барынша пайдалану үшін осы бағдарламаларды бірлесіп жүзеге асыру жолдарын талқылады.

Кездесу соңында Мансап орталықтарының арасында одан әрі ынтымақтастықтың нақты жоспарлары әзірленді. Екі тарап жастардың кәсіби және жеке дамуын қолдау мақсатында тығыз ынтымақтастық пен бірлескен күш-жігерге дайын екендіктерін білдірді.