8 Ақпан 2024


ШҚУ МЕН ҚАЗПОШТА АҚ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген университет пен «Қазпошта» АҚ көпжылдық ынтымақтастықты одан ары нықтап, түлектер мен студенттер үшін мүмкіндіктерді кеңейте түспек.

Білім беру бағдарламаларын әзірлеу, практикадан, тағылымдамадан өту және бірлескен жобаларды іске асыру бойынша бірлескен жұмыс студенттерімізге тек теориялық білім ғана емес, сонымен қатар пошта және логистикалық қызметтер саласында табысты мансап үшін қажетті практикалық дағдыларды игеруге көмектесетініне сенімдіміз, – дейді ректор.

«Қазпошта» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Ғалымжан Кенжебаевтың айтуынша, университетпен ынтымақтастық жас мамандарды көбірек тартуға мүмкіндік береді.

С. Аманжолов атындағы ШҚУ IT және басқа салаларда жақсы мамандар дайындайды. Түлектердің жұмысқа орналасу пайызы жоғары. Біз түлектерді тәжірибесі мен еңбек өтілінсіз жұмысқа қабылдауға және еңбек қызметі процесінде олардың біліктілігін арттыруға дайынбыз.

 Жиналыс барысында студенттер «Қазпошта» АҚ өкілдеріне қызықтырған сауалдарын қойып, жауап алды.