15 Ақпан 2024


«МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ҮЗДІК» БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ

Әдістемелік онкүндік аясында «Қазақстан-Қытай: тату көрші және өзара тиімді ынтымақтастықтың үш онжылдығы» тақырыбында «Халықаралық қатынастар» ББ білім алушылары арасында «Мамандық бойынша үздік» байқауы өтті. Шара Қазақстан Республикасының ҚХР-мен дипломатиялық қатынастардың орнағанына 32 жыл толуына арналған. Байқау үш кезеңде өтті, оның барысында студенттер таңдалған тақырыптар бойынша жобаларын қорғап, тарих пен дипломатия бойынша тестілеу және викторина өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылар өз ойларын сауатты жеткізе біліп, өз бетінше қорытынды жасау және фактілермен жұмыс істеу қабілеттерін көрсетті.


Байқау жеңімпазы Елена Қайрат атанды. Оған «Үздік Халықаралық қатынастары мамандығы студенті» атағы беріліп, ректор дипломы табысталды.
Екінші орын және «Үздік презентация» номинациясын Әділет Ахметжанов, үшінші орынды Диляра Дөненбаева жеңіп алды.