19 февраля 2024


«ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚ ӨКІЛДЕРІ ЖОО ОҚЫТУШЫЛАРЫНА ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТКІЗДІ

Университетте «Білім алушылардың оқу жетістігін бағалау» тақырыбында оқыту семинары өтті. Практикалық сабақтарды Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіптік даму институтының «Өрлеу» филиалының «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беруді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Ардақ Қамзина және ШҚУ-дың қауымдастырылған профессоры Салтанат Ташкенбаева өткізді.

Спикерлер атап өткендей, біздің еліміздегі білім беру жүйесі түбегейлі өзгеруде. 2016 жылы бастауыш мектепте «критериалды бағалау» жүйесі енгізілді. Білім берудегі бағалау жүйесін қайта қарау білім берудегі қазіргі заманғы стратегиялық міндеттерге қол жеткізу, халықаралық стандарттарға сәйкес білім деңгейін арттыру, бағалаудың объективтілігі мен қазақстандық мектеп түлектерінің халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілігі үшін оқу жетістіктерін бағалауға бірыңғай талаптарды әзірлеу үшін қажет болды.

– Бүгін біз білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың мәселелері мен жаңалықтарын талқыладық. Білім беру жүйесіндегі жаңалықтардың тиімділігі мен ерекшеліктерін ашуға тырыстық.

Семинар талқылау және пікірталас форматында өтті. Шараға қатысушылардың айтуынша, тренинг олар үшін өте пайдалы болды. Семинар педагогтарға білім беру процесін жақсарту және жетілдіру үшін жаңа идеялар мен құралдарды меңгеруге мүмкіндік берді.