20 февраля 2024


ШҚУ-ДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КАБИНЕТІ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Университеттің психологиялық қызметіне студенттер түрлі сұрақтар бойынша жүгіне алады. Білікті психолог Айым Кенжебаева жастарды психологиялық қолдауға әзір.
Мысалы, бейімделудегі қиындықтар, өзіне деген сенімсіздік, тұлғааралық қатынастар, отбасылық мәселелер, ата-анамен қарым-қатынас, өзін-өзі тану және жеке өсу проблемалары, емтиханға дайындық кезінде психологиялық қолдау, стрессті жеңу, жанжалды жағдайлар жөнінде ақыл-кеңес береді.
Психологқа жұмыс істеу үшін жарық әрі жылы жеке кабинет бөлінген. Кабинет техникалық жабдықтармен қамтамасыз етіліп, білім алушылармен ыңғайлы жұмыс істеу үшін жасақталған. Психолог бөлмесі диагностикалық, түзету, релаксация жұмыстарын жүргізудің барлық талаптарына сәйкес келеді.
Психологқа жүгіну кезінде барлығы құпия, анонимді түрде сақталады.

– Психолог кеңес бермейді, өйткені әр адам өз бетінше шешім қабылдауға және өз өмірі үшін жауап беруге үйренгенде психологиялық тұрғыдан есейетінін біледі. Маман ғылыми білімге сүйене отырып ұсыныстар бере алады және шешім қабылдаған кезде өз клиентіне қолдау көрсетеді, — дейді Айым Кенжебаева.

Психологтың кеңестері кабинетте де, қашықтықтан да өткізіледі. Қашықтықтан форматындағы өтініштер алдын ала жазылу бойынша жүргізіледі. Психологиялық қызметке консультацияға қалай жазылу керектігі туралы ақпарат ШҚУ сайтында «Студенттерге» бөлімінде орналастырылған.