23 Ақпан 2024


AMANZHOLOV UNIVERSITY SDU UNIVERSITY-МЕН КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-ға SDU University делегациясы келді.
Делегациясы ішінде SDU ректоры Әлімжан Игенбаев, ғылыми зерттеулер жөніндегі проректор Мақсат Қалыбек, ректор аппаратының басшысы Диас Жұмаділов, Инженерия және жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы Рамис Ахмедов, Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы Жайнагүл Дүйсебекова, Құқық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Мадияр Саудбаев және Көпсалалы білім беру орталығының директоры Әсем Қуанышбаева келді.
Сапардың мақсаты – жоғары оқу орындары арасында бірлескен ғылыми және академиялық жұмысты, сондай-ақ білім алушылар мен ПОҚ арасында алмасуды көздейтін келісімге қол қою.


– С. Аманжолов атындағы ШҚУ көптеген республикалық және халықаралық рейтингтерде көшбасшы. Біз еліміздің және әлемнің үздік жоғары оқу орындарымен белсенді түрде ынтымақтастық орнаттық. ШҚУ мен SDU арасындағы бүгінгі келісім жеңістердің жаңа толқыны, екі университет үшін дамудың жаңа кезеңі екеніне сенімдімін, – дейді ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген.


Шартқа қол қою рәсімінен кейін алма-матер қонақтарына «Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығы соның ішінде сенсорлық интеграция, аппараттық психодиагностика және психокоррекция зертханалары, логопед кабинеті, ЅТЕАМ, шахмат және робототехника кабинеттері таныстырылды. Экскурсия барысында SDU Құқық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Мадияр Саудбаев БОС терапия мен Томатис терапиясын көрді.
Делегация ШҚУ студенттеріне оқуды бітіргенге дейін ерекше балалармен жұмыс істеуде мол тәжірибе жинауға мүмкіндік беретін орталықтың тамаша жабдықталғанын атап өтті.


Айта өту керек, «Dana Bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығы – өңірдегі бірегей нысан. Қазір Қазақстанда ерекше білім беру қажеттіліктері бар 160 000-ға жуық бала бар. Олардың 10%-дан астамы Шығыс Қазақстан облысында тұрады.


Экскурсия «Беттік инженерия және трибология» ғылыми-зерттеу орталығында және ұжымдық пайдалану Ұлттық ғылыми зертханасында жалғасты. Алма-матер ғылыми қызметкерлері қонақтарға су объектілерін тазартуға арналған композициялық сүзгі материалдарының жобасын, фермерлерге арналған мультиспектрлі камерасы бар ақылды дронды, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған вертикализаторды және т. б. таныстырды.


– С.Аманжолов атындағы ШҚУ тарихы терең, дәстүрлері, көпжылдық тәжірибесі бар беделді университет, – деп атап өтті Әлімжан Игенбаев. – Университет ауыл шаруашылығының, өнеркәсіптің және экономиканың басқа да салаларының дамуына тамаша үлес қосуда. Бүгін біз беделді ЖОО-ның ғылыми әлеуетімен, тәжірибесімен, жұмыстарымен таныстық. Біздің серіктестігіміз әрқашан жемісті болатынына сенімдімін.