26 Ақпан 2024


ИНКЛЮЗИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ

«Дана Бала» Үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығына Әлихан Бөкейханов атындағы университет (Семей қ.) оқытушылары Назгүл Рахымжанова мен Гүлзат Сарбасова келді. Қонақтардың бұл сапарларының мақсаты – инклюзивті білім беру саласында тәжірибе алмасу және болашақта осы салада ынтымақтастықты арттыру.
Орталық басшысы Алима Әліповамен кездесу барысында қонақтар зертханалардың материалдық-техникалық жабдықталуымен жақын танысты. Атап айтқанда, аппараттық психодиагностика және психокоррекция, сенсорлық интеграция және түзету зертханаларымен, логопедиялық кабинетпен және т.б.


Оқытушыларға Альфред Томатис әдісі бойынша есту жаттығулары, БОС-терапия, электроэнцефалография, полиграф, «МастерГраф» графикалық редакторы, «Дельфа», «Жайлау» компьютерлік сөйлеу тренажерлары және интерактивті логопедиялық үстел таныстырылды.


Назгүл Рахымжанованың айтуынша, «Дана Бала» орталығы – ерекше балаларды дамыту мен түзетудегі аса маңызды база.