26 февраля 2024


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ БАСТЫ НАЗАРДА

IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің әдістемелік декадасы аясында Химия кафедрасының қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, химик, әдіскер Тантыбаева Батима Сматаевнаның 70 жылдық мерейтойына арналған «АКТ және ЖИ қолдана отырып оқытудың заманауи әдістемелік тәсілдері (Қазақстан және Ресей мектептері мұғалімдерінің тәжірибесінен)» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

Семинардың мақсаты – заман талабына сай, бәсекеге қабілетті педагогтармен оқытудың заманауи ғылыми-әдістемелік талаптары жайында пікір және тәжірибе алмасу.

Халықаралық семинар барысында Батима Сматаевнаның шәкірттері, Ресей федерациясынан әріптестер баяндама жасап, тәжірибелерімен бөлісті.

Абай облысы Абай атындағы мектеп-лицейінің химия мұғалімі Сайлаубеков Айдос Жасұланұлы «Менің мамандығым — менің мақтанышым» атты баяндамасында Батима Сматаевнаның жетекшілігімен жасалған ғылыми жұмыстары мен жетістіктерімен бөлісті.

Новосибирск қаласы №40 ОБМ химия және биология мұғалімі Кожухова Лилия Владимировна «Применение информационных технологий (Plickers) на уроках химии» атты баяндамасында сабақ барысында қолданылатын интерактивті бағдарламаларымен таныстырды.

Астана қаласы, Ахмет Байтұрсынов атындағы BINOM SCHOOL мектеп лицейінің химия пәні мұғалімі Сабикенова Назгүл Ризабекқызы «STEM – оқыту мәселелері мен болашағы» атты баяндамасында оқушылардың білім алу барысындағы жетістіктерін көрсетіп, сабақ бойындағы химия пәніне қызығушылығының артуын жеткізді.

Алтай мемлекеттік университеті Химия және химико-фармацевтикалық технологиялар институты органикалық химия кафедрасының меңгерушісі, х.ғ.д., профессор  Базарнова Наталья Григорьевна және органикалық химия кафедрасының оқытушысы Кушнир Евгений Юрьевич «Модульно-рейтинговая технология обучения органической химии обучающихся по направлению «Химия» и специальности «Фундаментальная и прикладная химия» тақырыбындағы баяндамасында ЖОО химиялық білім мен оларды бағалау критерийлерімен таныстырып білім алу барысындағы қиындықтар және артықшылықтарды атап көрсетті.

Сонымен қатар, семинар қатысушылары – Өскемен қаласы мектептерінің хими-биология мұғалімдері мерейтой иесін құттықтап, семинар барысында қарастырылған тақырыптардың өзектілігі, семинардың мәні мен мазмұны туралы өз ойларын жеткізді.

Семинар қойған мақсатына жетті, алдағы уақытта «мектеп-ЖОО» бағдарламасын жетілдіріп, ғылыми жобалар мен пәндік олимпиадаларда серіктестікті дамыту туралы шешім қабылдады.

Химия кафедрасы