28 ақпан 2024


“ҚҰҚЫҚТАНУ” ББ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ДӘРІС

ЖОО-да “Құқықтану” ББ студенттерінің Шығыс Қазақстан облысы Әділет Департаментінің өкілімен кездесуі өтті. Атап айтқанда, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы Гүлзада Сарбасовамен кездесті.Сондай-ақ, білім алушылармен ҚР ӘМ ШҚО бойынша “ҚР заңнама және құқықтық ақпарат институты” филиалы директорының м.а. Қымбат Жамбаева кездесті. ШҚУ қонақтары жастарға “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесінде тіркелген НҚА орналастыру ережелері туралы дәріс өткізді.