29 Ақпан 2024


«КҮМІС УНИВЕРСИТЕТ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖАҢА КУРСЫ БАСТАЛДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Кәсіптік даярлау және біліктілікті арттыру ресурстық орталығында «Күміс университет» жобасының қатысушылары үшін жаңа курс басталды.
Оқыту қартаю психологиясы мен эмоционалды денсаулық тақырыбына арналған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, курстың мақсаты – қартаю процесінде болатын физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік өзгерістерді терең зерттеу.

Курстың оқытушысы Психология және түзету педагогикасы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Юлия Кукина. Оның жетекшілігімен оқытудың алғашқы күні 17 тыңдаушы жеке тұлғаны ашуға және өзара әрекеттесу тәжірибесін қалыптастыруға бағытталған «Шамасы мен…» терапевтік ойынын ойнады.


Курс 36 сағатқа жоспарланған. Ол аяқталғаннан кейін белсенді қатысушыларға курстан өткенін растайтын сертификаттар табысталады.