29 февраля 2024


БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУГЕ ДАЙЫНДАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ

Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру бөлімінің ұйымдастыруымен «Болашақ педагогтарды инклюзивті білім беруге дайындаудың әдістемелік аспектілері» атты семинар өтті.

Семинар жұмысы Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры Ержан Домалатовтың кіріспе сөзінен басталды. Спикер ретінде Психология және түзету педагогикасы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Мадина Әуренова сөз сөйледі. Ол өз сөзінде сараланған оқытуды ұйымдастыру және білім беру процесін даралау әдістерін қамтыды. Сонымен қатар, инклюзивті білім беру ортасында жұмыс істеу үшін педагог-студенттерді оқытуға байланысты негізгі мәселелер қарастырылды. Атап айтқанда, заманауи білім беру технологиялары, сондай-ақ университет пен білім беру мекемелері арасындағы өзара іс-қимыл сөз болды.

Қатысушылардың пікірінше, бұл семинар болашақ педагогтарды инклюзивті білім беруге дайындаудың әдістемелік аспектілерін ілгерілетудегі маңызды кезең саналады.