29 февраля 2024


ШҚУ СТУДЕНТІ «НАСЫРОВ ОҚУЛАРЫ» КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДА СӨЗ СӨЙЛЕДІ

«Насыров оқулары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында География ББ 4 курс студенті Думан Рахымберді «Электрондық білім беру ресурсы мектептегі география сабақтарында білім беру процесін әдістемелік қамтамасыз етудің құрылымдық құрамдас бөлігі ретінде («Оңтүстік Америка» бөлімі мысалында)» тақырыбында баяндама оқыды. Студенттің ғылыми жетекшісі экология және география кафедрасының сениор — лекторы Санат Құмарбекұлы болды.
Айта кету керек, Насыр оқулары – XIX ғасырдағы көрнекті орыс және татар педагогы, ғалым, әдебиетші, ағартушы және энциклопедист Қайым Насаридің өмірі, қызметі мен шығармашылығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция.