4 Наурыз 2024


ШАБЫТ СТУДЕНТТІК ТЕАТРЫНЫҢ ПОЭЗИЯЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

Әуезді ән,көркем сөз,жүректен шыққан жырлар.
Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығымен бірлесе Шабыт студенттік театрының поэзиялық кеші өтті.
Кешке арнайы ақын Оразай Жеңісұлы қатысып,студенттердің шығармашылығын тамашалады.


-Ерекше әсерде отырмын.Студенттердің талабы мен ізденісі байқалады,-дейді ақын Оразай Жеңісұлы.


Поэзиялық кеште студенттер махаббат,ел,өмір тақырыптарында өлең оқып,көрерменге ерекше әсер қалдырды.


-Мен “О,махаббат” өлеңін оқыдым.Бүгінгі кешке ұзақ дайындалдық.Көрерменге ерекше әсер қалдыруға тырыстық,-дейді С. Аманжолов атындағы ШҚУ студенті Ержігіт Әміржанов.


Ал,поэзиялық кеш соңы ашық микрофон айдарымен аяқталды.


Жалпы,осындай поэзиялық кештердің өтуінің маңызы зор.