7 Қыркүйек 2023


ШҚУ СТУДЕНТТЕРІ «ӨЗБЕКСТАН-АЗИЯ – 2023» VI АЗИЯ СТУДЕНТТЕРІ ФОРУМЫНА ҚАТЫСУДА

5-8 қыркүйек аралығында Ш. Рашидов атындағы Самарқан мемлекеттік университеті қабырғасында VI Азия студенттері форумы өтуде.
Шараның мақсаты дәстүрлі ұлттық мәдениетті құрметтеу, сонымен қатар жастарды халықаралық мәдени-гуманитарлық және білім беру жобаларын іске асыруға ынталандыру. Көне шаһар Самарқанға ШҚУ атынан ең үздік студенттер аттанған. Атап айтқанда, Айсұлу Рустамова, Амина Айболтинова және Жасұлан Жеңісов барды. Ауқымды конференцияға Ресей, Жапония, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Беларусь және Қазақстаннан келген 120-дан аса студент қатысуда. Шарада әр делегация өзінің авторлық жобаларын немесе шығармашылық жетістіктерін таныстырады. Аманжолов білім алушылары вокалдық нөмірлерін дайындаған.
Айта кетейік, Азия студенттер форумы 2012 жылдан бері Орталық Азияның ең киелі, тарихи маңызы бар қалаларында өткізіліп келеді.