20 Наурыз 2024


ШҚУ-ДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР БОЙЫНША ЖАРЫСТАР ӨТТІ

 ШҚУ-да ЖОО-нының студенттері арасында Наурыз мейрамына орай

«Мерекелік ұлттық ойындар» спорттық жарысы өтті. Шараны педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының ПОҚ және студенттері ұйымдастырды. Дәстүрлі ойындар мерекелік концерт пен шашудан басталды. Қатысушылар бес спорт түрінен бақ сынады. Олар: «Орамал тастамақ», «Бес тас», «Асық ату» «Ләңгі тебу» және «Арқан тартыс».

– Я Мен арқан тартуға қатыстым. Өкінішке қарай біздің команда жеңіске жете алмады. Жеңіске бір табан жақын болдық. Ең бастысы, мұндай көңілді жарыстарға қатысу. Ең бастысы бүгін мейрам, – дейді бірінші курс студенті Аяулы Қазымова.

Оқытушы Гүлмира Мақшиеваның айтуынша, шара мақсаты – студент жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, патриотизмге, спортқа және ұлттық ойындарға деген қызығушылықты ояту, үздік спортшы топтарды анықтау. Барлық жеңімпаздар мен қатысушылар сыйлықтар мен мақтау қағаздарына ие болды. Шара қонақтары да сый-марапатсыз қалмады.