18 Наурыз 2024


«SAULYQ LIFE» ЖӘНЕ «ALAYAQ.NET» ШҚУ-ДА

ШҚУ-да «SAULYQ LIFE» және «ALAYAQ.NET» жастар қозғалысы өкілдерінің студенттермен ақпараттық кездесуі өтті. «Saulyq life» қызметі жас ұрпақты жыныстық тәрбиелеуге бағытталған, ал «Alayaq.net» – лудомания, алаяқтық және басқа да заңсыз қаржылық операциялар туралы ақпарат таратуға. «Saulyq life» қызметі жас ұрпақты жыныстық тәрбиелеуге бағытталған, ал «Alayaq.net» лудомания, алаяқтық және басқа да заңсыз қаржылық операциялар туралы ақпарат таратуға бағытталған.

Кездесу барысында «Alayaq.net» төрағасы Сержан Есжанов тыңдаушыларға алаяқтықтың заманауи тәсілдері, қаржы пирамидаларының түрлері және лудоманияның зияны туралы айтып берді. Өз кезегінде Астана қаласындағы «Saulyq life» қозғалысының жетекшісі Диляра Ерғалиева контрацепция түрлері, ер мен әйелдер гормондарының жұмысы және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы хабардар етті.

Шара соңында ЖОО мен ұйымдар арасындағы ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойылды.