18 Наурыз 2024


AMANZHOLOV UNIVERSITY БАЛАЛАР АУЫЛЫНДА

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да Әз Наурызды жоғары деңгейде атап өтуде.Қайырымдылық күнінің аясында Қазақстан тарихы және әлеуметтік пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен университет ұжымы мен белсенді студенттер балалар ауылында мерекелік шара өткізді.
Мерекелік шараның басты мақсаты-балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Бағдарлама тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Жаннета Амангелдіқызының алғы сөзінен басталды.


-Біз ЖОО атынан қайырымдылық күнінің аясында мерекелік бағдарламамызбен келдік.Барша бүгінгі сыйлық,бағдарлама сіздерге арналады.Мерекелеріңізбен,-дейді проректор.

Шашылған шашу,әуезді ән,қызықты ойын.Ерекше бағдарламамен өткен мерекелік шарада Педагогикалық білім және менеджмент кафедрасы «Ұлттық дәмдер керуені» жәрмеңкесінен жиналған 100 мың теңге қаражат табыстады.
Мерекелік шарамен қатар оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмыстары өткізіліп,университет жетістіктері таныстырылды.


-Университет ұжымымен тығыз байланыстамыз.Біздің балалар үйінде тәрбиеленген балалар дәл осы университет студенттері.Университет ұжымы мен басшылығына алғысымды білдіремін,-дейді отбасы үлгісіндегі балалар ауылының директоры Меңдігүл Мүбәракқызы.


Мерекелік шара әуезді ән-шашумен арнайы сыйлықтарды табыстаумен аяқталды.