26 марта 2024


СТУДЕНТТЕР QUIZ-ГЕ ҚАТЫСТЫ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да психологиялық және коррекциялық педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен Әз-Наурызға орай студенттер арасында “Ата-дәстүріңді білесің бе?” тақырыбында мерекелік QUIZ өтті.


Ойынға кафедра студенттерінен құрылған төрт топ қатысты.Бес кезеңнен тұратын Quiz-да студенттер мақал-мәтелдерді жалғастырып,салт-дәстүрлерді атап,ұлттық дәстүрлерге қатысты сауалдарға жауап беріп,ребустарды шешті.


-Басты мақсат-Ұлыстың ұлы күні Наурыздың маңыздылығын дәріптеу,салт-дәстүрлерді насихаттау,-дейді психология және коррекциялық педагогика кафедрасының сеньор-лекторы Қымбат Қанапиянова.


Осылайша, шараның жеңімпаздары анықталып,арнайы марапаттар табысталды.
Үшінші орынды “Ақсүйек”,екінші орынды “Алтыбақан”,бірінші орынды “Сәукеле” тобы иеленсе,бас жүлде Психология ББ 3-курс студенттерінен құрылған “Бесбармақ” тобына табысталды.

-Бұл шараға қатысу біз үшін өте маңызды.Білмегенімізді үйрендік.Ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз.Өте қызықты болды,-дейді С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенті Айдана Әлихан.