27 марта 2024
ШҚУ-ДА IQANAT ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ II КЕЗЕҢІ АЯСЫНДА ШАРА ӨТТІ
ШҚО аудандарынан келген 224 оқушы университет базасында IQanat олимпиадасының екінші турына қатысты. Ауыл мектептерінің сегізінші сынып оқушылары финалдық кезеңге өту мүмкіндігі үшін бақ сынасты.
Amanzholov University өкілдері оқушыларды жоғары оқу орны мен жоғары колледждің қызметімен таныстырды. Бас оқу корпусының спорт залында олимпиадаға қатысушылар арасында армрестлинг, арқан тарту, эстафета және арқан тарту бойынша жарыстар өтті. Сонымен қатар №1 оқу корпусында экскурсия өткізілді.
Шәкірттер химиялық эксперименттерді тамашалап, Криминалистикалық орталықта болды. Сондай-ақ, «Dana Bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығында, Б. Мамраев атындағы Ғылыми кітапханада, В. Бажанов атындағы Табиғат музейінде және Абай Археология және мәдени мұра мұражайында болды.
Мен Глубокое ауылынан келдім. Бұл жерді менің анам үздік дипломға бітірген. Анамның жолы себепші десем де болады. Сол жолды жалғастырмақ ниеттемін, — дейді Алиса Мирзянова.
«Professional Upgrading» Мансап орталығының басшысы Жаннель Болатованың айтуынша, университет өкілдері оқушыларға ерте кәсіптік бағдар беру мақсатында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырған.
IQanat олимпиадасының арқасында мен ШҚУ-мен таныстым. Маған университет өте ұнады, осында келіп мұғалімдікке оқуды жоспарлап отырмын,- дейді тарбағатайлық Ералы Кәкімбек.
Естеріңізге сала кетейік, IQanat – 100-ден астам қазақстандық кәсіпкерлер қолдайтын әлеуметтік-білім беру жобасы. Осы бағдарламаның арқасында мыңдаған оқушы дамып, қосымша білім алады, жүздеген оқушы Қазақстанның және шетелдің үздік университеттеріне грантқа түседі.