28 марта 2024


ШҚУ СТУДЕНТІ ТҮРКИЯДА БІЛІМ АЛУДА

«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының студенті Аружан Бердіғожина «Orhun» академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Түркияның жетекші ЖОО-да білімін жетілдіруде. Қабылдаушы Ege University Измир қаласында орналасқан.
Мен түркология, түрік тілі және әртүрлі кезеңдердегі әдебиеттерді оқып, меңгеру үстіндемін. Жаңа тілді үйрену, басқа білім беру жүйесімен және өзге мемлекеттің мәдениетімен танысу — өте қызық процесс, — дейді Аружан.


Естеріңізге сала кетейік, «Orhun» — бұл Түрік Кеңесі Түрік университеттері одағының мүшелері арасында студенттер мен оқытушылар алмасуға бағытталған бағдарлама.