29 марта 2024


АРА ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

ШҚУ-дың Биология кафедрасы «ШҚО-дағы Ара шаруашылығының өзекті мәселелері» атты ғылыми-практикалық семинар ұйымдастырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, семинардың басты мақсаты — ара шаруашылығы саласындағы проблемаларды және саланы өңірдегі даму тетіктерін талқылау. Шараға «Пасека» ШҚ директоры В.М. Қасымбаев, ШҚО бойынша республикалық омарташылар палатасы филиалының директоры Г.А. Каллер, ШҚО бойынша «Атамекен» республикалық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Д.Е. Акимбаев, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ қауымдастырылған профессоры Н.В. Валитова және Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжі директорының оқу-практикалық жұмыс жөніндегі орынбасары А.М. Шынтеміров қатысты. Семинар барысында баяндамашылар экожүйелерді сақтау, жергілікті аралардың тұқымын көбейту, технологиялық инновациялар, Шығыс Қазақстанда ара шаруашылығын дамыту және т.б. мәселелерді талқылады. Семинар соңында «Орман ресурстары, аңшылық және Ара шаруашылығы» мамандығының студенттері А. Гладышев пен Д. Сәбитова «Экологиялық таза адсорбцияланған ара шаруашылығы өнімінің технологиясын әзірлеу» авторлық ғылыми жобасын таныстырды.


Айта кетейік, университетте «Орман ресурстары, аңшылық және ара шаруашылығы» ББ жүзеге асырылуда. Бағдарлама соңында түлектер өңірдің ірі компаниялары мен шаруа қожалықтарына жұмысқа орналаса алады.