29 Наурыз 2024


AMANZHOLOV UNIVERSITY СТУДЕНТІ АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың қазақ тілі мен әдебиеті ББ студенті Бекарыс Секен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Мәдени-бұқаралық жұмыстар жөніндегі департаменті мен Гуманитарлық факультеті қазақ және орыс тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен «Тұлғаларға тағзым» бағыты бойынша Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған «РУХТЫ ЕЛДІҢ ҰРПАҚТАРЫ» атты V халықаралық жас ақындар жыр мүшәйрасында бас жүлде иеленді.


-Тартысқа толы дода болды.Әйтсе де,әсерім ерекше.Байқауға қатысу,дайындалу-арысқа,ақынға деген парызым.Ақынның болмысының асқақ күмбезіне өлеңмен дұға бағыштадық. Аталған мүшәйраны ұйымдастырушылар студенттер ісі жөніндегі проректор Ж.Құсайынова, қазақ және орыс тілдері кафедрасының меңгерушісі А.Тлеулесова, кафедра доценті Т.Тоқсанбаеваға алғысымды білдіремін,-дейді студент Бекарыс Секен.


Сондай-ақ,студентке 100 мың теңге ақшалай сыйақы табысталды.


Айта кету керек, мүшәйраға еліміздің 38 оқу орнынан 69 студент қатысқан.Сондай-ақ, Қырғызстан, Моңғолия, Түрікменстан, Қарақалпақстан, Өзбекстаннан жас ақындар келген.