3 Сәуір 2024


ШҚУ СТУДЕНТІ – ҚР ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

 Алматы қаласында найза лақтырудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Педагогика жоғары мектебінің студенті Алексей Хлыстов найза лақтырудан 63.66 метр нәтижемен екінші орынға ие болды.

– Берілген мүмкіндіктердің бірінде найзам алысқа түсті. Барымды салдым. Дегенмен, қарсыласымның ұпайы менен жоғары болды. Алдағы уақытта бұдан да қарқынды дайындаламын. Келесіде жеңіске үміттімін, – дейді Алексей.

Алексей Хлыстов алдағы жазғы маусымға дайындықты жоспарлап отыр. Спортшының айтуынша, оны алда көптеген ірі халықаралық жарыстар күтіп тұр.