9 Сәуір 2024


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ ӨТТІ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да «Ыстық қайрат,нұрлы  ақыл,жылы жүрек» атты дәстүрлі “DILMAR CUP V” республикалық пікірсайыс турнирі өтті.

Турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен 24 команда қатысты.

Айта өту керек,турнирді тәрбие ісі және әлеуметтік жұмыс жөніндегі бөлім мен ЖОО-дағы  “Ділмар” дебат клубы ұйымдастырды.

-Пікірталаста берілген тақырып елімізде және әлемде өзекті.Болашақ ойындары халықаралық ойыны туралы,экономикалық мәселелер мен тіл мәртебесіне қатысты тақырыптар көтерілді,-дейді С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенті Жігер Сәрсенбаев.

Үш ойын кезеңінен тұратын пікірталас турнирі тартысқа толы болып,екінші күн кіл мықтыларды  марапаттаумен аяқталды.

Нәтижелерге тоқталсақ, қатысушылардың бірқатарына «Үздік төреші», «Үздік спикер» «Жастар финалисті» сынды номинациялар тағайындалды.Сондай-ақ,пікірсайыс финалистері: Әли Еміл,Ертіс Арыххановқа 50 мың теңге қаржылай сыйлық, Кенжехан Дәлелбек,Нұрхан Ералыға 70 мың теңге қаржылай сыйлық,Ботагөз Сағынбекова мен Айбек Тоқтарғалиевке 70 мың теңге қаржылай сыйлықпен алғыс хаттар табысталды.

Ал, Нұрбақыт Исахан мен Нұрсұлтан Қадырғазиев пікірсайыстың жеңімпаздары атанды.

-Ойын жоғары деңгейде өтті.Өзекті тақырыптар талқыланды.Екі күн бойы ерекше әсер алдық.Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылған,-дейді жеңімпаз Нұрсұлтан Қадырғазиев.