10 апреля 2024


ШҚУ-ДА Қ. СӘТБАЕВТЫҢ 125 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

  С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың «Білім — ғылым — бизнестің интеграциясы: мәселелері мен болашағы» тақырыбында X Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Қазақ КСР Ғылым академиясының ұйымдастырушысы және Тұңғыш Президенті Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған конференция Түркия, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей Федерациясы университеттерінің өкілдерінің қатысуымен өтті. Шара барысында «Үздік Жас Ғалым», «Уәлиев Юмаш Кәрімұлы атындағы стипендияны тағайындау туралы», «Мамандығы бойынша үздік» және «Үздік студенттік ғылыми үйірме» байқауларының жеңімпаздары марапатталды. Айта кетейік, бұл байқаулар университетте «Ғылым айы» аясында өтті.

– Жас ғалымдарды қолдау басым бағытта. Бұл ретте, мемлекет тарапынан қолдауға ерекше назар аударғым келеді, соның арқасында биыл университетіміздің төрт ғалымы баспаналы болды, — дейді ректор Мұхтар Төлеген.

Пленарлық отырыста университет ғалымдарының инновациялық ғылыми жобалары таныстырылды. Қырықларели Бюлент Байрам университетінің (Ыстамбұл, Түркия) профессоры Бюлент Байрамның баяндамасы, сондай-ақ серіктес елдердің университеттері өкілдерінің баяндамалары тыңдалды.

Конференцияға университет студенттері мен жас ғалымдарының Start UP жобаларының, ШҚУ ғылыми орталықтары мен зертханаларының ғылыми жетістіктерінің, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамы мен университет ғалымдарының ғылыми еңбектерінің көрмесі орайластырылған.