15 апреля 2024


УНИВЕРСИТЕТТЕ ТАРБАҒАТАЙ АУДАНЫНЫҢ БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

  Тарбағатай ауданының бос орындар жәрмеңкесі аясында облыс орталығында ауданның мекемелері мен ұйымдары басшыларының Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттерімен кездесуі өтті.

Кездесу барысында университет түлектеріне ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері таныстырылды. Білім беру, құқық қорғау органдары, жастар саясаты, медицина саласы мен өзге де мамандықтардың бос жұмыс орындары туралы ақпараты ұсынылды.

Сондай-ақ, ауданның еңбек нарығында бәсекеге қабілетті кәсіпкерлік жобалар мен төмен пайыздық несиелер, жастар кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар таныстырылды. Кездесу нәтижесінде бірқатар студенттер аудан өкілдерінің ұсыныстарына қызығушылық танытты. Осылайша, он студент педагогикалық мамандықтар бойынша еңбек жолын бастауды жоспарлап отыр, екеуі жастар саясаты саласында, төрт студент аудандық полиция бөліміне қызметке кіруге ниет білдірді.

Тарбағатай ауданының басшылығы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры Мұхтар Төлеген мен ЖОО проректоры Жанетта Қалимолдинаға шараны ұйымдастыруға көмектескені үшін зор алғыстарын білдірді.