15 апреля 2024


ИНКЛЮЗИВТІ ПЕДАГОГИКА САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

     Университетте «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру жағдайында инклюзивті ортаны дамытудағы қиындықтар мен перспективалар» атты облыстық ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинарды «Педагогикалық білім және менеджмент» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Еркежан Нұртазина ұйымдастырған. Шараға «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» және «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандықтарының 2 және 3 курс студенттері қатысты.

Семинар тәжірибеге бағдарланған бағытқа ие болды. Ұйымдастырушылар шара танымды өткенін айтады. Қалалар мен аудандардан келген бастауыш және мектепке дейінгі білім беру педагогтары да қатысты. Олар инклюзивті білім беруді енгізу бойынша жұмыс тәжірибесімен, ШҚО мектептеріндегі педагог-ассистенттің рөлі және қызметі туралы білгендерімен бөлісті. Қатысушылар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қолжетімді оқытуды ұйымдастыру бойынша мастер-класстар, тренингтер өткізді.

Студенттер педагог-ассистент ретінде құжаттаманың жүргізілуімен танысты. Бұл білім беру жүйесіндегі өзекті мәселе, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу әдісі саналады.

Еркежан Нұртазинаның айтуынша, облыстағы мектептер мен балабақшаларда соңғы екі жылда педагог-ассистент штатын бекіту және енгізу қолға алынған. Оның айтуынша, бұл қуантарлық нәрсе. Бұл бағытта біртіндеп ілгерілеу барына дәлел.

Облыстық ғылыми-әдістемелік семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды. Рефлексия жасау арқылы оң кері байланыс орнатылды.

Кездесуді ұйымдастырушы инклюзивті білім беруді енгізу тәжірибесімен бөліскен ШҚО мектептерінің педагогтеріне алғысын білдірді. Атап айтқанда, Сүлейманова А.К., Рахимжанова Н.К., Бақтыбаева А.Ш., Қапан А.А., Көпенова А.Т., Бархиева Д.А.