16 апреля 2024
ҚР ҒЖБМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ШҚУ-ҒА КЕЛДІ
С. Аманжолов атындағы ШҚУ-ға Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова келді. Оның айтуынша, ШҚО — ға сапарының негізгі мақсаты — су проблемаларын шешу және алдын алу үшін өңір ғалымдарының жұмысын зерделеу және талдау.
Сапар аясында вице-министр су қауіпсіздігі және су ресурстары саласындағы ғылыми-зерттеу жобаларымен танысты. Атап айтқанда, «ШҚО ГЭС Жоғарғы-Ертіс каскадының су-энергетикалық объектілерінің гидротехникалық құрылыстарының бұзылу қаупін бағалау» жобасы. Жобаны жүзеге асырушы ШҚУ профессоры, гидроэколог Анатолий Чурсин. Жоба геоэкологиядағы қауіпті жағдайлар мен олардың салдарын ерте анықтауға арналған технологияларды әзірлеуді көздейді.
Сондай-ақ, ҰҚҰҒЗ ғылыми қызметкері Тілек Қуанышбеков өзекті әлемдік проблема — тұщы судың сапасыздығын шешуге бағытталған «Су объектілерін тазартуға арналған композициялық сүзгі материалдарын өндіру» жобасын таныстырды.
Оның аясында биополимерлер, керамикалық материалдар, сондай-ақ картриджге құрастырылған графит оксидімен модификацияланған, көміртекті материалдар негізінде сүзгіш композициялық сорбенттер өндірісін жолға қою, университет базасында корпустар жасау жоспарланған. Ғылыми жұмыстардың қорытынды өнімін ірі кәсіпорындарда және тұрғын үйлерде қолдануға жарамды, — дейді ғалым.
Сонымен қатар, стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ирина Ровнякова университеттің бірегей білім беру бағдарламасы туралы да айтып берді.
Су шаруашылығы жүйесінде кадрлардың болмауы мәселесін шешу мақсатында «Гидроэкология, менеджмент және трансшекаралық су қауіпсіздігі» инновациялық білім беру бағдарламасы әзірленді. Бұл мамандықта қазір 14 адам білім алуда. Оның төртеуі мемлекеттік білім беру гранты бойынша, — деді ШҚУ проректоры.
Динара Щеглова жоғары оқу орнының ғылыми қызметкерлеріне өзекті мемлекеттік мәселені шешуге қосқан үлестерін атап өтіп, жоғары бағалады. Оның айтуынша, ШҚУ ғалымдарының көптеген әзірлемелері Үкіметтің есебіне енеді.