18 Сәуір 2024


СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІПОРЫНДАҒЫ ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРЫ

  IT және жаратылыстану ғылымдары Жоғары мектебінің экология және география кафедрасының «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығының екінші курс студенттерінің тәжірибелік сабақтары «Лаборатория-Атмосфера» ЖШС-де өтті.

Сабақтар профессор, б.ғ.д. Күлзипа Дәкиеваның жетекшілігімен еңбек жағдайлары қауіпсіздігі бөлімінде өтті.

Бөлім қызметкерлері студенттерді жұмыс аймағының ауасы мен желдету шығарындыларын зерттеумен, физикалық факторларды өлшеумен таныстырды. Қызметкерлер осы параметрлерді қалай және қандай жабдықта анықтау керектігін көрсетті. Сабақ барысында студенттер сұрақтарын қойды. Зертхана қызметкерлері жан-жақты жауап берді. Студенттерді зертхана жұмысының ерекшелігі қызықтырды. Білім алушылар, оның қызметі көпқырлы және облыс кәсіпорындары үшін өте қажет екенін түсінді. Зертханаға жұмыс орындарын аккредиттеу үшін жеке және мемлекеттік кәсіпорындар жүгінеді.