25 апреля 2024


МАКСИМ ГЕТАНЫҢ AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕГІ ДӘРІСТЕРІ

   Кемерово мемлекеттік университетінің Кузбас гуманитарлық-педагогикалық институтының доценті, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Максим Гета С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде дәріс оқуда.

Максим Ростиславович құқықтану саласында мықты сарапшылардың бірі. Ол университеттің студенттерімен, магистранттарымен және оқытушыларымен кездесулер аясында өз білімі және мол тәжірибесімен бөліседі. Дәрістер Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қылмыстық құқығы мен заңнамасының өзекті мәселелерін қамтиды.

Студенттер мен оқытушылар Еуразиялық экономикалық қоғамдастық және әлем шеңберінде құқықтану ғылымының негізгі аспектілерін талқылауға және сұрақтар қоюға мүмкіндік алды. Ресейлік ғалымының дәрістері қазіргі заманғы құқықтануға қызығушылық танытқандар үшін өте құнды.

Студенттер, магистранттар мен оқытушыларды, барлық ниет білдірушілерді осы керемет мүмкіндікті жіберіп алмауға шақырамыз, дейді ұйымдастырушылар.