25 апреля 2024


ШҚУ-ДА 4 КУРС СТУДЕНТТЕРІНІҢ ЖҰМЫСҚА БӨЛУ РӘСІМІ БАСТАЛДЫ

   С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде 2024 жылы мемлекеттік білім беру гранты және ауылдық квота бойынша оқуды аяқтайтын студентердің персоналды жұмысқа бөлу рәсімі басталды.

Бекітілген кестеге сәйкес Бастауыш оқытудын педагогикасы және әдістемесі, Дефектология, Физика, Физика-Информатика, Өңдеу өндірістерінің технологиясы, Материалтану және жаңа материалдар технологиясы, Кәсіптік оқыту, Ядролық физика мамандықтарының студенттері жұмысқа бөлінді.

Студенттерді жұмысқа бөлу рәсімі ағымдағы оқу жылының 25 мамырына дейін өтеді.