29 Сәуір 2024


БОЛАШАҚ ЗАҢГЕРЛЕР ШҚО ПРОКУРАТУРАСЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІНДЕ БОЛДЫ

   ШҚО прокуратурасының Ашық есік күніне С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 80-нен астам Құқықтану мамандығының 3-4 курс студенттері қатысты.

Студенттерге прокуратураның қызметі және Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясына түсу тәртібі туралы бейнероликтер көрсетілді.

Жақында өздері де қызметке кіріскен облыстық прокуратура қызметкерлерімен еркін форматта әңгімелесу ұйымдастырылды. Олар жоғары қадағалау органы жұмысының негізгі бағыттары, Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының жетістіктері туралы айтып, жеке тәжірибелерімен бөлісті.

Жиналғандар облыс прокуратурасы органдарының Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғазиз Тәшенұлы Найзабаевты ерекше ықыласпен тыңдап, ШҚО прокуратурасы органдарының тәжірибесіндегі қызықты оқиғалардан хабардар болды.

Ашық есік күні облыс прокуратурасы мұражайына экскурсия жасаумен аяқталды. Музейде кадр қызметінің қызметкерлері облыс прокуратурасы органдарының құрылуы мен қалыптасу тарихы жайлы айтып берді.

Сондай-ақ, студенттерге облыстық прокуратура ғимаратының бірінші қабатында орналасқан заманауи тренажерлармен жабдықталған спорт залы таныстырылды.

Шара соңында студенттерге прокуратура органдарына қызметке кіру тәртібін нақты түсіндіретін ақпараттық жадынамалар табыс етілді.