6 Мамыр 2024


ШҚУ-ДА ЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да Ұлы Жеңіс күніне орай“Ұлы ерлікке мың тағзым” атты ерлік сағаты өтті.
Шара “Шабыт” студенттер театрының әсерлі қойылымынан және өшпес ерлікпен көз жұмған батырларды үнсіз еске алумен басталды.
-Басты мақсат-Ұлы Отан соғысының батырлары жайлы тың ақпаратпен бөлісу, еске алу ,- дейді тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Жаннета Калимолдина.
Аталған шара екі бөлімнен тұрды. Алғашқы бөлімде қазақстан тарихы және әлеуметтік пәндер кафедрасының сеньор-лекторы Құралай Рымқанқызы қазақ батырларының ҰОС кезіндегі ерліктерін атап өтті.
-Өшпес ерлік жасаған батырлардың ерліктері мәңгі.Олардың қай-қайсысының ержүректігі,батылдығы көпке үлгі,-дейді қазақстан тарихы және әлеуметтік пәндер кафедрасының сеньор-лекторы Құралай Рымқанқызы
Ал, шараның екінші бөлімінде туғанына 100 жыл толатын батырлар Сағадат Нұрмағамбетов,Рақымжан Қошқарбаев және Әлия Молдағұлованың өмірінен тың ақпаратпен,ерліктері баяндалды.
Шара соңында қатысушылар еркін әңгіме өрбітіп,батырлардың ерліктеріне тағзым етті.