15 Мамыр 2024


ШҚУ МАГИСТРАНТІ ЕЖЕЛГІ ӘДІС БОЙЫНША САБЫН ЖАСАУДЫ ҚОЛҒА АЛҒАН

Оқу орынының химик магистранті Жандос Сағдоллин бактерияға қарсы бірегей қасиеті бар табиғи эко сабын жасау жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыс істеуде.
Ғылыми бағдарлама бір жылдық шөптесін өсімдік негізінде табиғи сабын жасауды көздейді. Алабота сияқты өсімдіктерді пайдаланып, дәстүрлі технологияны қолданады. Сабын алудағы бұл әдістің ерекшелігі – ешқандай химиялық заттарды пайдаланбай, экологиялық таза компоненттерден жасау. Хош иістендіргіш ретінде гүлдерден алынған эфир майлары қолданылады.


– Сабынның құрамын айтар болсақ, бір жылдық өсімдіктер мен жануар майларынан тұрады. Бұл сабынды зерттеу кезінде Cu және Zn бактерияға қарсы қасиеттері бар екендігі анықталды. Яғни, адамның терісіне жағымды әсер етеді, – дейді Жандос Сағдоллин.


Қазіргі уақытта табиғи эко сабын бойынша көптеген зерттеулер жүргізілуде. Зерттеулердің оң нәтижелерінен кейін жоба коммерцияландыруға ұсынылатын болады.