15 Мамыр 2024


ШҚУ-ДЫҢ КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ КӨРМЕСІ БҚО-ДА

Маңғыстау облысында, Ақтау, Атырау және Жаңаөзенде еліміздің 43 жоғары оқу орындарының кәсіптік бағдар беру көрмесі өтті. Осы ауқымды республикалық іс-шараға С.Аманжолов атындағы ШҚУ өкілдері де қатысты. Олар мақсатты аудитория арасында толыққанды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 7 мыңнан астам мектеп түлектері алма-матермен танысып, қызметкерлерге өздерін толғандырған сауалдарын қойды. ШҚУ мамандары қажетті үлестірме материалдар, бейне-презентациялар мен имидждік кәдесыйлар дайындады.