24 мая 2024


ШҚУ СТУДЕНТТЕРІ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ ЖАС КӨШБАСШЫЛАР МЕКТЕБІНЕ ҚАТЫСТЫ

Алтай мемлекеттік университетінде «Азия елдерінің жас көшбасшылар мектебі» өтті.Аталған шараға ШҚУ-дың тарих кафедрасының студенттері қатысты. Ұйымдастырушылар-АлтМУ, Азия университеттерінің қауымдастығы және «Үлкен Алтай «Алтаистика және Түркология ғылыми-білім беру орталығы.


Іс-шараға Армения, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан және Өзбекстаннан 40-қа жуық жастар қатысып,Орталық Азия халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерделеуге және сақтауға бағытталған жобалармен танысты.


Айта кету керек, ШҚУ студенттік делегациясының Ресей Федерациясына сапары «Жаңа буын» қысқа мерзімді таныстыру сапарлары бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.