24 мая 2024
Жоғары білімі, техникалық және кәсіптік білімі бар тұлғалар үшін сұхбаттасу өткізу тәртібі
Жоғары білімі, техникалық және кәсіптік білімі бар тұлғалар үшін сұхбаттасу өткізу тәртібі
- Ақылы негізде қысқартылған оқу мерзімін қарастыратын білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жоғары білімі, техникалық және кәсіптік білімі бар тұлғаларды университетке қабылдауды қабылдау комиссиясы сұхбаттасу түрінде жүзеге асырады.
Сұхбаттасуға қатысу үшін өтінішті қабылдау, сондай-ақ оны өткізу 10 маусым мен 24 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
- Сұхбаттасуға қатысу үшін оқуға түсушілер қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады (төтенше жағдай, карантиндік шараларды күшейту/сақтау, «ШҚУ АЖ» арқылы онлайн-режимде):
1) сұхбаттасуға қатысу үшін өтініш;
2) білімі туралы құжат және қосымшасы (түпнұсқа);
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
- Ауызша сұхбатасу қабылдау комиссиясының төрағасы бекіткен кестеге сәйкес өткізіледі (төтенше жағдай, карантиндік шараларды күшейту/сақтау кезінде бейне-конференц-байланыс өткізу үшін тиісті платформаларды қолдана отырып).
- Түсушілермен сұхбаттасу өткізу рәсімі екі кезеңнен тұрады:
— комиссияның білім туралы құжаттарды, оқуға түсушінің білім деңгейін анықтауға тестілеу нәтижелерін талдау.
— оқуға түсушілермен келесі сипаттағы мәселелер бойынша ауызша сұхбаттасу:
— жұмыс орны;
— лауазымы;
— таңдалған оқу бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі;
— тілдерді білу;
— кәсіби дағдылар мен білімдер (компьютерлік тестілеу нәтижелері бойынша көрсеткіштер);
— оқу мақсаты.
- Ақылы негізде қысқартылған оқу мерзімін көздейтін білім беру бағдарламалары тобы бойынша жоғары білімі, техникалық және кәсіптік білімі бар тұлғалармен сұхбаттасу өткізу үшін комиссия құрылады, оны Университеттің қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді.
- Сұхбаттасу өткізудің қорытындылары белгіленген нысандағы комиссия хаттамасымен рәсімделеді және хаттама әрбір түсушіге жеке рәсімделеді, оның жеке ісіне тігіледі.