Шетелдік студенттерге

ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРГЕ
ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРГЕ
ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРГЕ
ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРГЕ
ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРГЕ
Previous slide
Next slide

АҚЫЛЫ НЕГІЗДЕ ҚАБЫЛДАУ ШАРТТАРЫ:

ГРАНТҚА ҚАБЫЛДАУ ШАРТТАРЫ:

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-да оқуды жоспарлап отырған және оқитын шетел азаматтарына арналған ақпарат

«Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ негізгі білім беру бағдарламасына қабылданғаннан кейін әрбір шетелдік азамат (студент) ҚР аумағына келген сәттен бастап үш күн мерзімде ҚР аумағында болу ережелерімен танысу және келгені туралы хабарламаны ресімдеу үшін ШҚО халықаралық ынтымақтастық бөліміне келуге міндетті.

Өзіңізбен бірге келесі құжаттар болуы керек:

  • Төлқұжат.

Шетел азаматтары ҚР қолданыстағы көші-қон заңнамасының нормаларын сақтауға, сондай-ақ көші-қонды есепке алу қағидаларын сақтау үшін талап етілетін қажетті ақпарат пен құжаттарды уақтылы ұсынуға міндетті.

Шетел азаматы ҚР шекарасын кесіп өткен сайын ол бұл туралы университет инспекторына жеке өзі хабарлап, ҚР шекарасын кесіп өткеннен кейін үш күндік кезеңде халықаралық бөлімге (Қазақстан к-сі, 55, 302 кабинет) келуі қажет.

ҚР аумағында ұзақ мерзімді болу үшін шетелдік студент тиісті құжатты (ВИЗА немесе УТР – уақытша тұруға рұқсат) ресімдеуі қажет.

Визаны ресімдеуге арналған құжаттар:

УТР ресімдеуге арналған құжаттар:

1. Шетелдік білім алушылар:

«СТУДЕНТТЕР ҮЙЛЕР ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕДЕН» ҮЗІНДІ

ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР ҮЙІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ, ҚАТАҢ ЕСІҢІЗДЕ САҚТАҢЫЗ!

СТУДЕНТТЕРДІҢ МІНДЕТТЕРІ:
  1. Студенттер үйінің тәртіп ержелерін қатаң түрде сақтау;
  2. Өзінің бөлмесінде, жеке және ортақ орындарда, студенттер үйі ауласында тазалық сақтау;
  3. Студенттер үйінің мүлкін және өздеріне бекітілген құрал-жабдықтарды ұқыпты пайдалану;
  4. Заттарды бүлдерген немесе сындырған жағдайда, студенттер кеңесінен комиссия құрылып, акт толтыру негізінде заттай қалпына келтіріледі. Студенттер үйінде студенттер кеңесін сайлауға және өздері де мүшеболып сайлануға;
  5. Электр және газ құралдарын пайдалнуға қауіпсіздк ержелерін сақтау;
  6. Электр энергиясын, ыстық және суық суды үнемді пайдалану;
  7. Студент үйінің маңайында сенбіліктерге шығу;
  8. Демалысқа және практикалық жұмысқа шыққандаөзіне бекітілген заттарды, бөлменің кілтін студенттер үйінің меңгерушісіне тапсыру.
  • Бөгде адамдарға кіруге рұқсат етілмейді;

  • Студенттер үйіне ішімдік ішіп келуге болмайды, насыбай, алкогольді сусындарды пайдалануға, студенттер үйінің аймағында шылым шегуге тыйым салынған;

  • Студенттер үйінің қызметкерлеріне, студенттік кеңес мүшелерінің қызметіне сыйластықпен қараныз.

Бізбен Байланыс