29 Мамыр 2024


ШҚУ-ДА ҮНДІСТАНДЫҚ ҒАЛЫМ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУДЕ

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да Үндістандағы белді Махатма Ганди университетінің қауымдастырылған профессоры, ғалым Прамод Кадукатти тағылымдамадан өтуде. Ол Solar университетінің бағдарламасы аясында шетелдік ғалымдарды тәжірибеге тарту мақсатында ат басын бұрған.
Ғалым бір ай көлемінде ЖОО-да тағылымдамадан өтіп, отандық ғалымдармен қатар аянбай еңбек етіп, жастарға дәріс оқиды.
Ол еліміздегі ғылым саласы жайлы пікірін де айта өтті.


– Бұл қызметте маған студенттердің талабы мен ізденістері ұнады. Олардың бірқатары тың жобалармен айналысады. Мәселен, бір студент шай өсірудің жолдары жайлы жоба дайындап, фермерлердің жұмысын жеңілдетуде. Сондай-ақ, осы зертханада жас оқытушылар нанотехнологияның соңғы жетістіктері саласында табиғи ресурстарды тұрақты және экологиялық таза әдістермен пайдалану үшін көп жұмыс істейтінін байқадым, – дейді ғалым.


Ғалымның айтуынша, ЖОО-дағы қызметте таңғаларлық жобалармен танысқан.


– Қызмет барысында мен күнбағыс қабығымен жұмыс істеу жобасын байқадым. Бұл жоба күнбағыс қабығымен жұмыс істеп, наноцеллюлозаға немесе әртүрлі мақсаттарда қолданылатын целлюлозаға айналдырады. Тағы мені қызықтырғаны – графен оксиді жайлы жоба. Мамандар графен оксидін қайтадан соя мен күріш сияқты табиғи көздерден синтездеп, сенсорлық қосымшаларды жасау үшін графен мембраналары үшін өте жақсы нанопоралар мен наномембраналар істейді, – дейді ғалым Прамод Кадукатти.


Сондай-ақ, әңгіме барысында ғалым Үндістан мен қазақстандық ғалымдардың өзара ынтымақтастығын да атап өтті.


– Миссионер профессор Сабо Томас Қазақстандағы процесспен өте жақсы қарым-қатынаста екенін мақтана айтамын. Дәл осындай, бірлескен зерттеулер болашақ үшін өте пайдалы болады деп ойлаймын. Екі елде де көптеген табиғи ресурстар бар. Егер біз қазіргідей өзара ынтымақтастық орнатсақ, болашақта бұл ғылымға, сондай-ақ адамзатқа және тұрақты ғылыми-зерттеу жұмыстарына өте жақсы мүмкіндік болмақ.


Айта кету керек, үндістандық профессор ШҚУ-да бір айдан астам уақыт бойы ғылым саласында тағылымдаман өтіп, студенттер мен ЖОО-дағы қызметкерлермен іс-тәжірибе алмасады.