30 Мамыр 2024


АНТИКОР ШҚУ ӨКІЛДЕРІН МАРАПАТТАДЫ

С. Аманжолов атындағы ШҚУ комплаенс-офицері Қайнар Жексембаевқа және «Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенттері Аружан Батырбекқызы мен Ақерке Қабиолдинаға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Денис Шакеновтың атынан алғысхаттар табысталды. Университет өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытуға қосқан үлестері үшін марапатталды.


Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін студенттер «ANTIPARACRAFT-2024» алғашқы республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест-ойынға қатысқан болатын. Шара қорытындысы бойынша ШҚО құрамасы ТОП-ондыққа кіріп, Көкшетауда өткен финалда бақ сынады.