3 июня 2024


ШҚУ «DEMEY» ОРТАЛЫҒЫНА ЖИҺАЗДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖИЫНТЫҒЫН ТАПСЫРДЫ

   Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті «Demey» түзету және оңалту орталығына балаларды қорғау күніне орай вертикализатор жиhазын, үш «Растишка» үстелін және ортопедиялық орындықты тапсырды.

     Церебральды сал ауруы бар балаларды қолдауға арналған техникалық құралдар университеттің «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық даярлау және әдістемелік-технологиялық қолдау жөніндегі құзыреттілік орталығы» жобасы аясында дайындалды.

    Материалға қаражат 2024 жылдың 17 мамырында ШҚО білім басқармасының қолдауымен Amanzholov Universitу-де өткен қайырымдылық воркшобынан жиналды.
Осылайша, ШҚО-ның педагогикалық қоғамының бірігуімен церебральды сал ауруы бар балалар жаңа үстелдерде білім алып, оңалуда жаңа вертикализаторды пайдалан
атын болады.