5 июня 2024


12 ОҚЫТУШЫ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫНАН ӨТТІ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың 12 оқытушысы Павлодар қаласында біліктілікті арттыру курсынан өтті. Оқыту «Инклюзивті білім беру моделі» тақырыбына арналды . Курс ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі SAVVY BUSINESS қолдауымен ұйымдастырылды.
Оқытуды National and Kapodistrian University of Athens ғалымдары жүргізді. Жаттықтырушылар инклюзивті білім берудің теориялық және әдіснамалық негіздерін, сондай-ақ мектепке дейінгі, мектеп және жоғары білім берудегі тақырыптың практикалық жағын ұсынды.


— Тренингтің маңызды тұсы-ЖОО оқытушылары мен мектеп мұғалімдерін инклюзивті білім беру моделінің жобасын талқылауға тарту. Бұл өз ұсыныстарын енгізуге мүмкіндік берді, — дейді курс тыңдаушыларының бірі, п.ғ. к., қауымдастырылған профессор Гаян Губайдуллина.


Айта кету керек, курстың жалпы көлемі-72 сағат.