11 Маусым 2024


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДІҢ ЖАС ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың жас ғалымдары 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурс шеңберінде 89 948 607 теңге сомасына жоба жеңіп алды.

Сондай-ақ, 2024-2026 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурс шеңберінде жалпы сомасы-59 955 618 теңгеге екі жоба иеленді. Байқау жеңімпаздары «Газотермиялық бүрку әдістерімен жоғары энтропиялық қорытпадан жабындарды алудың ғылыми-технологиялық негіздерін әзірлеу» жобасымен Сәкенова Римма, «Nicral негізіндегі детонациялық жабындардың қорғаныш қасиеттерін арттыру» жобасының жетекшісі Мәулет Меруерт және «Біркелкі дәлдікпен орта шекараларындағы сызықтық емес теңдеулерді шешудің итерациялық әдістері»жобасымен Жақсылықова Жадыра иеленді.

Университеттің жас ғалымдарын құттықтаймыз!